Тәні саудың - жаны сау!

Жуырда елімізде Қазақстан Халық партиясының бастамасымен «Спорт - өмір серігі» атты жаңа акция басталды. Акция аясында партия мүшелері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық жарыстар, өңірлік турнирлер мен ынталандырушы кездесулер өткізуге ниетті.

ҚХП Павлодар облыстық филиалының белсенділері өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған әлеуметтік спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Спорттық эстафеталарға 10-12 жастағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының қамқорлығындағы тәрбиеленушілер, интернат үлгісіндегі мекемелер мен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты. Партиялықтар қатысушыларға спорттық киім-кешек пен жеңімпаздарға арналған сыйлықтар табыс етті.

1

Сонымен қатар, жарыс барысында Павлодар облысы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері шеберлік сыныбын көрсетті. Турлар арасындағы үзілістерді би ұжымдары толықтырды.

2

– Біздің шараның басты мақсаты - денсаулықты нығайтудың маңызды құралы ретінде спортты дәріптеу, - деп атап өтті жарысты ұйымдастырушылар. - Ол балалардың бойында спорттық рухты тәрбиелеуге, балаларды қараусыз қалдырмай, қылмыстың алдын алуға, сондай-ақ жастарды тыйым салынған заттарды, алкогольді және вейптерді қолданудан сақтандыруға бағытталған.

«Спорт - өмір серігі» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде спорттық іс-шаралар өтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy