Қазақстан Халық партиясы «Ұлы Жеңіске тағызым!» атты акциясының бірінші кезеңін аяқтауда. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар топтамасы. Акцияның бірінші кезеңі ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, соғыс перзенттерінің, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің, азаматтық белсенділер мен жастардың қатысуымен облыстық кездесулер форматында өтті.
Қорытынды шаралардың бірін ҚХП Жетісу облысы бойынша филиалы өткізді. Оған партия белсенділері, қоғам қайраткерлері, тыл еңбеккерлері мен жастар қатысты.
«Біз тарихи жадты сақтауға үлес қоса алатынымызға мақтан тұтамыз. Біздің жұмыс өткенімізге құрмет пен мақтаныш сезімін оятуға, отансүйгіштік пен халқымыздың бірлігін нығайтуға бағытталған», - деді филиал төрағасы Олжас Ибраимов.
Осындай жиын ҚХП Шымкент қалалық филиалында да өтті.
«Бүгінгі шараға атсалысқандардың барша жанға рақмет. Бұл өте маңызды, өйткені дәл осындай кездесулер өткенмен байланысымызды нығайта отырып, болашақты құруға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға көмектеседі!», - деді филиал басшысы Бахтияр Жандарбеков.
«Ұлы Жеңіске тағзым!» акциясының кезекті шаралары Ленинград блокадасынан азат етілген күнге арналады.