Тәтті үшін төлем

dep.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі, ҚР Мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаттары зиянды азық-түлікке қосымша салық енгізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Денсаулық сақтау вице-министрі елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік және қант диабеті сырқаттарының артып келе жатқанын атап өтті.

– 0,5 мл «Кока-Колада» 10 тәуліктік қант мөлшері бар, - деп нақтылады Есмағамбетова. - Шартты түрде кола ішкен бала он күндік қант жегендей болады. Сондай-ақ біз барлық дерлік өнімдерден қант алатынымызды жақсы білеміз.

Әлемнің көптеген елдерінде құрамында қант бар сусындарға ұқсас акциздер енгізілген. Бұл тәтті, бірақ зиянды сусындарды тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі.

- Әрине, бұл шараларға қосымша арнайы таңбалау енгізіледі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және ең бастысы, балаларда тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін ата-аналармен жұмыс жүргізіледі, - деп уәде берді вице-министр.

Бұдан бұрын, Қазақстан Халық партиясы фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазіргі таңда салықтық әкімшілендіру маңызды әлеуметтік мәні бар бюджетті толықтырудың пайдалы және нақты құралдарын назардан тыс қалдырып отырғанын атап өткен болатын.

- Бүгінде әлем бойынша зиянды азық-түлік өнімдеріне салық енгізу тәжірибесі көп елдерде таралған, - деп атап көрсеткен еді ол кезде Мәжіліс депутаты. - Көптеген жағдайларда, медициналық қызметтердің деректері бойынша, бұл шаралар халықтың денсаулығына оң әсер етіп, зиянды өнімдерді тұтынудың нақты төмендеуіне қол жеткізілген.

Ол кезде Үкімет « жаңа салық түрін енгізудің қажеттілігі жоқ» деп жауап берген болатын. Мүмкін, қазір мәселе оң шешіліп қалар...


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy