Тәттінің зияны көп!

dep.jpg

Ұлттық Экономика министрі Әлібек Қуантыров зиянды азық-түлік үшін салықты өндіруші ме, әлде, тұтынушы ма, кім төлеуі керек екенін білмей отыр.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр бұл жерде қант мөлшері жоғары сусындарға қатысты көп талап қойылатынын нақтылады.

– Бұл мәселені мұқият зерттеу қажет, - деп мәлімдеді министр.

Қуантыровтың айтуынша, мұндай салықты енгізуден өндірушілер, оның ішінде отандық өндірушілер де айтарлықтай зардап шегуі мүмкін. Ал балама ретінде ол алкоголь және темекі өнімдері сияқты акцизделетін тауарларға ұқсас жасына қарай шектеу енгізуді ұсынды.

– Бұл мәселені сарапшылармен, соның ішінде бизнес өкілдерімен талқылау қажет, - деп түйіндеді министр. - Меніңше, барлық тараптардың мүдделері ескерілуі тиіс.

Бұған дейін, Қазақстан Халық партиясы фракциясының басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазір салықтық әкімшілендіру формальды заң бұзушылықтар бойынша жазалау әрекетіне бейім екенін, бірақ бұл ретте маңызды әлеуметтік мәні бар бюджетті толықтырудың нақты құралдарын назардан тыс қалдыратынын атап өткен болатын.

– Бүгінде әлемде зиянды азық-түлік өнімдеріне салық енгізу тәжірибесі жеткілікті таралған, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты, шетелдік тәжірибеге сілтеме жасай отырып. - Көптеген жағдайларда, медициналық қызметтердің деректері бойынша, бұл шаралар халықтың денсаулығына оң әсер етіп, зиянды өнімдерді тұтынудың нақты төмендеуіне алып келеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy