Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапар аясында сайлаушылармен кездесулері жалғасуда. Жұмыс сапары барысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова құрамында қант бар сусындар шығаратын зауытта болды.
Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ, бұған дейін партияның парламенттік фракциясы осындай өнімдерге қосымша салық енгізуге, ал алынған қаражатты қант диабетімен ауыратын қазақстандықтарды емдеуге бағыттауға бастамашылық жасаған болатын. Сусын өндірушілерге бұл идеяның ұнамағаны айтпаса да түсіінікті, олар өз өнімдерін қымбаттатқысы келмейді.
– Әрине, егер сусындардың құны артатын болса, онда біздің азаматтар оларды аз сатып алатын болады, бұл жақсы, сәйкесінше, сырқаттанушылардың да саны азаяды, - деп атап өтті Ирина Смирнова. - Екінші жағынан, біз бұл кәсіпорынның жаңа заманауи жабдықтармен жарақталғанын, жұмыс орындарын құрып, салық және т.б. төлемдерді төлейтінін түсінеміз. Ешкімге зиян келтірмеу үшін оңтайлы шешім табу керек.
Мәжілісмендер эндокринолог дәрігерлермен кездесу өткізіп, денсаулыққа зиян келтірмейтін өнімдерді шығару мүмкіндігін бірлесіп талқылауды жоспарлап отыр. Оның үстіне, кәсіпорында хабарлағандай, мұнда құрамында қант жоқ бірқатар сусындар шығарылады, мұның өзі көңілге сенім ұялатады.
Сонымен қатар, депутат кәсіпорын басшылығын салық салу және сәйкесінше жаңа Салық кодексін енгізу тақырыбы қызықтырғанын атап өтті. Олар бірқатар мәселелерді талқылау үшін парламенттік Қаржы және бюджет комитетінің өкілдерімен кездесуге ниет білдірді.
– Салықтар кәсіпорындарды тығырыққа тіремейтіндей етіп, олардың дамуына қалай жағдай жасау керектігін түсінуіміз керек, - деп нақтылады Смирнова. - Және де кәсіпорындардың шығаратын өнімдері үшін әлеуметтік жауапкершілігі болуы тиіс. Бірге жұмыс істеу керек. Барлығы үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізу өте маңызды.