Тәуекелдің де төлемі болу керек!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы тағы да өрт қауіпсіздігі және құтқару қызметтерінің жұмысы саласындағы проблемаларды көтеруде. Басты назарда - білікті кадрлардың жетіспеушілігі және осы саланы қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

– Қазіргі уақытта Қазақстанда өрт сөндіру және құтқару қызметтері үшін кадрлар даярлауға мамандандырылған небәрі төрт оқу орны жұмыс істейді. - деп атап өтті Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейітжан. – Бұл елді төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қабілетті мамандардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін өте аз. Бұдан басқа, қызметкерлердің шыныққан дене бітімін сақтау үшін мамандандырылған спорт кешендерінің қолжетімділігі туралы мәселе өткір тұр.

Мәжіліс депутаты өрт сөндіру бөлімдерін қаржыландыру жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ол өрт сөндіру және құтқару қызметтерінің қызметкерлерін тиісті әлеуметтік пакеті бар жеке жеңілдікті санатқа бөлуді ұсынды.

– Жоғары өтілі бар маман 315-320 мың теңге көлемінде жалақы алады, - деп түсіндірді Сейтжан. - Қазақстандағы орташа жалақы 365 502 теңге. Яғни, адамдар апатқа қарсы күресте өз өмірлерін тәуекел ете жүріп, республика бойынша орташа жалақыдан төмен айлық алады.

Осыған байланысты, ҚХП депутаттық фракциясы өрт сөндіру және құтқару қызметтеріне қажетті жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік оқу орындарының желісін, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы орталықтарының желісін құру/ұлғайту мәселесін қарауды ұсынады. Сондай-ақ, осындай қызметтердің қызметкерлерін әлеуметтік пакеті бар жеке жеңілдікті санатқа бөлу мүмкіндігімен қаржыландыру мәселесін қайта қарау және осы мамандықтардың беделін арттыру және танымал ету үшін іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy