Тағы бір өңірде ҚХП филиалы ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында Қазақстан Халық партиясының аудандық өкілдігінің салтанатты ашылуы өтті. Оның төрағасы болып азаматтық белсенді Арман Мұрзағалиев тағайындалды. Партия мүшелері ҚХП-ның жаңа филиалының ашылуы партия қызметін жергілікті жерлерде дамытуға және облыс тұрғындарымен диалогты нығайтуға оң қадам болатынына сенімді.

1

Шара барысында партия қатарына жаңадан қосылған пікірлестерге партия билеттері табысталды.

2

«Бұл азаматтар – әлеуметтік әділеттілік құндылықтарын ұстанатын және партияның бастамаларын қолдап, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге дайын адамдар. Біз күш біріктіре отырып өңірдің дамуына, оның тұрғындарының жағдайын жақсартуға үлес қоса алатынымызға сенімдіміз», - деп атап өтті Арман Мұрзағалиев.

3

Жаңа кеңседе Байзақ аудандық өкілдігінің басшылығы ҚХП Орталық аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізіп, оның барысында жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылады.

4

Мәселен, партияға Байзақ ауылының 200-ден астам тұрғынынан С.Абланов атындағы орта мектепке қосымша ғимарат салу туралы өтініш келіп түсті. Сметалық сыйымдылығы 480 оқушыға есептелген мектеп 1972 жылы салынған. Қазір мұнда 1000-нан астам оқушы оқиды және орын тапшылығы қатты сезілуде. Жағдайды талқылауға ішкі саясат бөлімінің, аудандық білім бөлімінің өкілдері, Байзақ ауылының әкімі, мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымы қатысты.

5

«Қазақстан Халық партиясы бұл мәселені қатаң бақылауға алды. Біз мәселені тез арада шешуге және өскелең ұрпақтың лайықты білім алуына жағдай жасау үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді партиялықтар.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy