Қазақстан Халық партиясы қауіпсіздік қызметі мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізу жұмысын жалғастыруда. Жақында осы мәселе бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Заң жобасы қызметі қызметтік қаруды және оларға арналған патрондарды пайдалануға рұқсаты бар субъектілерге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Жоба Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Күзет қызметі туралы» заңға және осы саланы реттейтін басқа да бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізуді көздейді.
Бұған дейін өңірлерге жасаған сапарларында ҚХП Парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қауіпсіздік органдарының өкілдерімен және басшыларымен кездесу өткізген болатын. Олар қолданыстағы заңнама жетілдіруді қажет ететінін айтып, шағымданды. Партия өкілдері де бұл пікірмен келіседі.
«Біз алдымен мемлекет мүддесіне сүйенеміз. Қару-жарақ саласы жіті назар аударуды қажет етеді. Бірақ бұл бұл саладағы жұмысты қысып, шектеу керек дегенді білдірмейді», - деді депутат.