«Таза Қазақстан»: Мәжіліс депутаттары экоакцияға ат салысты

Республика күні қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен оның аппарат қызметкерлері мерекелік сенбілік өткізді. Палата спикері Ерлан Қошановтың жетекшілігімен халық қалаулылары мен олардың әріптестері 300 түп ағаш отырғызды.

Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті. Астанадағы Ғашықтар саябағының аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Парламент депутаттары Тұран даңғылының бойына алма, шие және сервистік жидек көшеттерін отырғызды. Ағаш отырғызуға әріптестерімен бірге Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары да қатысты.

1

«Меніңше, өте керемет шара. Осылайша, қоғамда экологиялық мәдениет пен табиғатқа деген құрметті қалыптастыра аламыз», - деп атап өтті ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy