Таза су Солтүстік Қазақстанның ауылдарына да жетеді

Магистральдық құбырларды салу жұмыстары жақын арада, жобалау-сметалық құжаттама дайын болған кезде басталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына «Есіл су» жетекшісі Қанат Асқаров айтып берді. «Есіл Су» - Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы Су шаруашылығы комитетінің «ҚазСуШаруашылық» филиалы. Мәжілісмендер өңірлерге жұмыс сапары аясында кәсіпорында болып, жұмысымен танысты.

Ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету - Қазақстан Халық партиясы үнемі көтеріп келе жатқан еліміздің басты проблемаларының бірі. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар алға жылжыған сияқты. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай республиканың барлық өңірлерін таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

1

– Қазіргі таңда сараптамалар жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттама жасалуда, - деді «Есіл Су» басшылығымен кездесу қорытындысы бойынша ҚХП депутаты Ислам Сұңқар. - Бұл жұмыс биыл аяқталады деп күтілуде. Одан кейін облыстың барлық аудандары мен елді мекендерін сумен жабдықтаудың магистральді желілерінің құрылысы басталады.

2

Елдi мекендердiң iшiнде желiлер салу, оларды орталық сумен жабдықтауға қосу және тұрғын үйлерге су жеткiзу жергiлiктi аудандық және ауылдық әкiмдердiң қамқорлығы мен жанашырлығының арқасында жүзеге асады. Қазақстан Халық партиясы халықты сумен қамтамасыз ету мәселелерін өз бақылауына алып, құрылыс процесін қадағалауға ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy