Тазалық үшін күрес

Қазақстан Халық партиясы «Таза Өлке» экологиялық акциясын бастады. Өңірлердегі партия өкілдері бірнеше күн бойы тазалық сақтауға, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жоюға және табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған сенбіліктер, аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу және т.б. іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді.

Акция аясында ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері мен белсенділері Мамлют ауданына бекітілген «Заречный» шағын ауданының аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, партиялықтар көшелерді абаттандырумен айналысып, су айдынын тазалап, жергілікті тұрғындарға қоқысты жинауға және су тасқынынан кейін үйлерді күрделі жөндеуге атаулы көмек көрсетті.

4

Партияның Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері де ауқымды шараға өз үлестерін қосты. Олар Бейбітшілік даңғылындағы жасыл аймақта, «Компас» жанармай құю стансасының жанында, «Сенім» емханасының аумағында өткен сенбілікке белсене қатысты.

5

6

ҚХП Қарағанды облыстық филиалының мүшелері жергілікті ЖҚТБ-мен күрес орталығының аумағына гүл отырғызды.

1

2

– Өңірлер үшін экологиялық проблемалар бұрынғыдан да өзекті, - деп атап өтті партия мүшелері. - Заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді құру, аулалардағы қоқысты шығармау және ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің саны өсуде. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, әрқайсымыз өз Отанымыздың тазалығына қамқорлық жасауға тиіспіз!

3

Қазақстан Халық партиясы экологияны таза сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға деген адалдығы мен жауапкершілігін нақты іс жүзінде көрсетіп отыр. «Таза Өлке» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық іс-шаралар өтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy