Қазақстан Халық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы өтіп жатқан 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Әсіресе, саяси тұрғыдан алғанда, жыл өте мазмұнды болғанын атап өткен ҚХП АОФ төрағасы Талғат Төремұратов филиалдың тыныс-тіршілігін, қалай жұмыс істегенін нақты цифрлармен айтып берді.
Атап айтқанда, 12 ай ішінде ҚХП АОФ үгіт-насихатты айтпағанда 200-ден астам іс-шара ұйымдастырды. Бұл кездесулерге 25902 ақтөбелік қатысты. Бұл алқалы жиындар, конференциялар, азаматтарды қабылдау және қайырымдылық акциялары болды.
Қазақстан Халық партиясының Ақтөбе облысында 4 депутаты бар. Ақтөбе қалалық мәслихатында - Диас Елікбаев, Шақар, Мәртөк және Ойыл аудандық мәслихаттарында - Жайлыбай Айымбетов, Жания Ұзақбаева және Сағадат Қабдығалиұлы. Жыл бойы олар халықпен 127 кездесу өткізіп, 46 депутаттық сауал жолдады. ҚХП өкілдері жол және әлеуметтік инфрақұрылымды жөндеу және абаттандыру бойынша азаматтардың бірқатар өзекті мәселелерін шешіп берді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері филиал өңірдің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының пайдасына 27 қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияны тікелей Талғат Төремұратов қаржыландырды, мұқтаж адамдардың тізімі волонтерлер мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің көмегімен қалыптастырылды.
Алдағы 2024 жылы ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы (АОФ) партия қатарына жаңа пікірлестерді тарту, мемлекеттік құрылымдармен меморандумдар жасасу, азаматтық белсенділікті арттыру, филиалдың жастар қанатын дамыту және т.б. бойынша жұмысты күшейтуге ниетті.