Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Қарағандыға жасаған жұмыс сапары барысында экономист Ақылхан Алдоңғаровпен кездесті. Алдонғаров партияның қарауына тәуелсіз экономикалық аймақтар (ТЭА) құру жөніндегі өзінің экономикалық бағдарламасын ұсынды.
«Қазақстан - жаңа мүмкіндіктер мемлекеті» және «Қазақстанның геосаяси миссиясы» кітаптарының авторы Ақылхан Алдоңғаров көршілес Қытай елінің тәжірибесіне сүйене отырып, БҰҰ аясында республика аумағында ТЭА құруды ұсынды. Оның пікірінше, ТЭА толыққанды қайтарым бермейтін еркін экономикалық аймаққа қарағанда анағұрлым табысты және тиімді болады. Алдоңғаровтың ҚХП-ға өтініш білдіруінің басты себебі, кезінде партия Конституцияға Қазақстан жері мен оның қойнауы, табиғи байлықтары халыққа тиесілі болу керек деген өз ұсыныстарын енгізген болатын.
– Азаматтардың бізге осындай ұсыныстармен келуіне өте қуаныштымын, - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев. - Сіз үлкен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді көтеріп отырсыз.
Төраға ұсынылған бастама ҚХП өзінің басты бағыттарының бірі ретінде елдің әрбір азаматына ұлттық байлықты қайтару тетігін лайықты соңына дейін жеткізуге бағытталған саясатпен тығыз байланыста екенін атап өтті. Бағдарламаны партия экономистері мұқият зерттеп, пысықтайтын болады.
– Егер зерттеу нәтижесінде бұл бастама елдің экономикалық жағдайы мен инвестициялық ахуалына оң әсер ететіні анықталса, онда фракция Үкіметке ұсыныстар жібереді. Мұндай ТЭА мемлекет үшін тиімді болуы тиіс, - деп есептейді Ермұхамет Ертісбаев. - Біздің партияға қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруге көмектесетін тың идеялары мен әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары бар адамдардың келуі қуанышты жағдай.
ҚКП төрағасының өңірге жасаған жұмыс сапары жалғасуда.