Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында елімізге елеулі өзгерістер әкелетін жоспарлар мен нақты міндеттер айқындалып, ұсынылған болатын. Соның ішінде Президент айтқан бағыттардың бірі – АЭС салу. Қазір АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері референдум қарсаңында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Облыстық және аудандық штаб мүшелері Ж.Сауырбаева атындағы орта мектептің және №16 колледж ұстаздарымен, «Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС жұмысшыларымен, Жетісай аудандық орталық кітапхана ұжымымен және Түркістан қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлерімен кездесті.
Талқылау барысында АЭС құрылысы тақырыбы, салаға кадрлар даярлау, атом өнеркәсібіндегі әлемдік тәжірибе, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту, елдегі энергетикалық тәуелсіздік және өнеркәсіптің дамуы сияқты тақырыптары қозғалды.
– Жыл сайын электр және жылу энергиясын өндіру үшін табиғи ресурстарды тұтыну мөлшері артып келеді. Бірақ ресурстар сарқылады, сондықтан ертеңгі күнді ойлайтын уақыт келді. Жеткілікті энергетикалық әлеует болмайынша, технологиялық прогресстен қалыс қалуымыз мүмкін. Сондықтан электр энергиясын өндіру үшін ядролық реакторларды пайдалану қажет, - дейді штаб өкілдері.
Қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында Халықтық штаб мүшелері референдумға қатысу орасан зор нәтиже беретін жаңа өзгерістердің бастауы екенін атап өтті.