Тиімсіздікке қарсы дәрі бар ма?

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының өкілдері отандық фармацевтикалық өндірісті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне беруді ұсынады. Бұл мәселені 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін талқылау барысында депутат Ирина Смирнова мәлім етті.

Мәжілісмендер қазір Қазақстанға келетін дәрілік заттардың импорты 70% -дан астам екенін еске салды. Елдегі антибиотиктер мен витаминдердің 82-90%-ы импорттан келеді. Осының барлығы тиісінше дәрі-дәрмектің бағасына әсер етеді. 2023 жылы денсаулық сақтауға арналған тұтыну шығыстарының құрылымындағы фармацевтикалық өнімдердің үлесі 45% -дан астам болды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін 50% -ға дейін жеткізуді тапсырды, - деп еске салды Ирина Смирнова. - 2023 жылы, Үкімет есебінің деректері бойынша, ол бар болғаны 14% болды, жоспарда 36% болған. Оның үстіне, фармацевтикалық өнімнің импорт сомасы экспорт сомасынан жүз есе асып түседі.

Бұл сандар - Денсаулық сақтау министрлігінің өз міндетін атқара алмауының шынайы көрінісі. Аталған мәселені шешудің оңтайлы нұсқасы ретінде ҚХП депутаты фармацевтикалық өндірісті бейінді ведомство - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне беруді ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy