Мемлекеттік жүйенің трансформациясы

dep.jpg

5 маусымда Жалпыхалықтық референдум өткеніне тура үш жыл толды. 2022 жылы өткен референдумның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясына тағдыршешті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов бұл өзгерістерді «жаңа бетбұрыс кезеңі» деп сипаттады.

– Аталған өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттің бүкіл басқару үлгісі трансформациядан өтті. Осы маңызды тарихи оқиғадан кейін елдегі қоғамдық-саяси құрылымдарды жаңғырту, мемлекетті жаңартудың құқықтық негіздерін нығайту басталды, – деді мәжілісмен.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Жаңа Қазақстанды» құру процесі жалғасып келеді. Президент бұған дейін Ұлттық құрылтай отырысында реформалардың жалғасатынын мәлімдеп, олардың бір бөлігін таныстырған еді. Алдағы міндеттер Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады.

– Біз қазіргі таңда ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісіне бейімделе отырып, саяси жүйенің дер кезінде өздігінен жаңарып отыруын қамтамасыз ететін тиімді тетік қалыптастырудың соңғы кезеңіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Сонымен қатар, бұл – ел ісіне азаматтардың белсенді қатысуы мен ашық талқылау демократиясын орнықтыру процесі, - деді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy