Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов Астана қаласының «Кирпичный» тұрғын үй алабындағы ұзақмерзімді мектепте болды. Сапар мәжілісмендердің сайлаушылармен көшпелі кездесулері аясында өтті.
Ұзаққа созылған құрылыс бойынша жергілікті тұрғындар шағымданған болатын. Бұған дейін Кирпичныйда 1966 жылы салынған бір ғана мектеп болған. Оқу орнының ғимараты апатты деп танылып, 2021 жылы бұзыла бастады. Оқушылар қаланың басқа бөлігіне оқуға баруға мәжбүр болды.
Тұрғын үй массивіне жаңа мектеп салып беруге бұрыннан уәде берілген еді, алайда процесс 4 жылға созылды. Қаңтар айында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек 2024 жылдың көктемінде құрылыс аяқталатынына сендірген еді.
– Жаңа мектептің құрылысы баяу қарқынмен жүргізілді, тіпті бір кездері тоқтап та қалды, - деп атап өтті ол. - Біз «Кирпичный» тұрғын алабында мектеп құрылысын қайта бастадық, барлық мәселелерді шештік. Осылайша, тұрғын алабында өзінің жайлы мектебі болады.
Мектептің жайлылығы туралы дауласуға болады, өйткені, Магеррам Магеррамов нақтылағандай, ғимарат 1993 жылғы, яғни 30 жыл бұрынғы жоба бойынша салынып жатыр. Қазір құрылысты жүргізуші компания қаржыландыру бойынша тығырыққа тіреліп отыр. Егер олар шешіліп жатса, мектепті пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланған. Сонымен қатар, жобалаушының қателігінен де құрылыс тоқтап тұр.
– Қазір бұл қателіктерді мердігерге өз есебінен түзетуге тура келеді, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. – Осы орайда «Неге жобалаушы жіберген қателіктердің бәрі жойылады да, алайда, жобалаушының өзі ешқандай жауапкершілікке тартылмайды?» деген сұрақ туындайды.
ТЖД қызметкерлерінің де құрылыс бойынша сын-ескертпелері бар. Шындығында, олар өз ескертпелерін жұмыс орта жолға жеткен кезде, кешігіп көрсетеді.
– Қателіктерді түзетуге тура келеді, сәйкесінше, бюджеттік смета өсіп кетеді, - деді Магеррамов. - Біздің фракция ТЖ қызметкерлерінің құрылысқа ЖСҚ жасау сатысында жобаға қатысу қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын.
Депутат бұл мәселені Парламенттің күзгі сессиясында көтеруге ниетті екенін жеткізді.