Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева өңірлерге жұмыс сапары аясында Түркістан аумақтық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығымен кездесті.
Депутат орталықтың жұмысымен танысып, мамандармен сөйлесті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту мекемесі облыстың 5 ауданына қызмет көрсетеді. Өкініштісі, мұнда небары 60 орын бар. Ал бос орынға сұраныс өте жоғары.
– Орталықты кеңейту бойынша шара қабылдау қажет, – деді мекеме басшысы Берік Серікбаев. – Біз халық тығыз орналасқан аймақта жұмыс істейміз және ерекше қажеттілігі бар балаларға көмектесу мүмкіндігіміз бар.
Депутат қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен «ерекше балалардың» мәселелерін және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Н.Тұрашбеков Г. Танашеваға қала билігі халықтың осал тобына қандай әлеуметтік қолдау көрсетіп жатқанын айтып берді.
Мәжілісмен Түркістан қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» да барды. Мұнда ол зейнет жасындағы адамдардың саламатты өмір салтын ұстануға деген ынтасына куә болды.
– Сауықтыру шарасымен қатар зейнеткерлер психологиялық және заңгерлік көмек алады, – деді орталық қызметкерлері. – Сондай-ақ мұнда қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді.
«Ақжайық» музыкалық мектебінің мәжіліс залында мәжілісмен көпбалалы аналармен, ҚХП Түркістан облыстық филиалының партия белсенділерімен және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшыларымен кездесті. Депутат жиналғандарға азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауды күшейту мақсатында партия қандай заң жобаларына бастамашы болып жатқанын баяндады.
Г. Танашева Түркістан облысы жасаған сапарын «Қамқорлық» отбасы орталығында аяқтады. Бұл жерде өмірдің қиын жағдайына тап болған аналар жұмысқа орналасу мәселесін шешіп, психологиялық көмекке жүгіне алады.