Республика күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті. «Мәдени мұра: Еңбек ері – Республика мақтанышы!» атты партиялық бастама аясында партия өкілдері ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ұжымдарына алғыс хат табыстауда.
Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкерлерін құттықтап, ұжымға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, кәсібіне адалдығы мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс хат табыстады. Ал Түркістан облысындағы партия мүшелері «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС ұжымдарын құттықтады.





Шымкент қалалық филиалы қалалық №3 емхана қызметкерлерімен кездесіп, ақ халатты абзал жандарға алғыс хат табыс етті.


– Біз ақ халатты абзал жандарға шын жүректен алғыс айтамыз! Олардың еңбегі – республиканың тірегі, елдің мақтанышы! – деді партия өкілдері.
Қостанай облыстық филиалы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесу өткізді.


– Бұл кездесу – телекоммуникация саласының дамуына және үздіксіз жұмыс істеуіне күн сайын үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіруге жақсы мүмкіндік болды. Солардың еңбегінің арқасында Қостанай облысының мыңдаған тұрғыны тұрақты байланыс, интернет және заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізіп отыр, - деді партия өкілдері.
Кәсіпорын басшысына ұжымның қоғам өмірінде маңызды рөл атқарып отырған еңбегін бағалай отырып, алғыс хат табысталды.
– Бұл жай ғана ресми рәсім емес, ел өмірінің тынысын қамтамасыз етіп жүрген, еңбегі көзге көп түсе бермейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі, – деді қостанайлық партия өкілдері.
@halyk_partiyasy