«Еңбек адамы-2025»: ҚХП үздік мамандарды марапаттады

ҚХП өңірлерде ұйымдастырған республикалық «Еңбек адамы-2025» байқауының қорытындылауда. Аталған байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Сыйлықтардың бірі ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының бастамасымен «Ақтөбе ЖЭО» АҚ базасында табысталды. Шара жайлы мерекелік сипатта өтіп, станция ұжымы үшін ерекше күнге айналды. Турбиналық цех шебері, еңбек ардагері Әкімгерей Ермұхамбетовтің көпжылдық адал еңбегіне құрмет ретінде «Еңбек адамы» медалі мен Алғыс хат табыс етілді.

1

– Бұл марапат еңбек майталманының жеке жетістігін ғана емес, сонымен бірге бүкіл «Ақтөбе ЖЭО» ұжымының өңір энергетикасын дамытудағы зор үлесін мойындаудың айғағы, – деді ҚХП өкілдері.

Қарағанды облыстық филиалы да байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Мұнда түрлі сала мамандары үздік деп танылды: дәрігерлер, ұстаздар, техника қауіпсіздігі инспекторлары, коммуналдық сала қызметкерлері және басқалары. Ал Балқаш қалалық өкілдігі механизаторлар мен тракторшыларға, энергетиктерге арнайы марапаттар табыс етті.

3

4

– Біз әрбір еңбек адамының еліміздің дамуына қосып жатқан үлесін мақтан тұтамыз! Олар – заманауи батырлар, еңбекқорлық пен кәсібиліктің, өз ісіне адалдықтың айқын үлгісі, – деді қарағандылық партия мүшелері.

5

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy