Қазақстан Халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Батыс өңірлік ТКШ және тұрғын үй инспекциясы басқармасының 2023-2024 жылдарға арналған қызметіне арналды. Жиынға табиғи монополиялардың барлық негізгі субъектілері қатысты.
Талқылаулар желілердің тозуы, коммуналдық қызметтердің бағасын белгілеу, компаниялардың өзара іс-қимыл механизмдері, ТКШ қызметтері бойынша шығындарды азайту мәселесінде азаматтарға қолдау көрсету және жылыту кезеңінің өзекті мәселелері тақырыптарына арналды.
- Мемлекет тарапынан қолдау алуға кімнің құқығы бар деген мәселеге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тұтынушыларға тікелей қызмет көрсету процесін қалай оңтайландыруға болатыны талқыланды, - деді ұйымдастырушылар.
Жуық арада партиялықтар коммуналдық қызмет көрсету саласындағы мәселелердің себептерін талдау үшін МИБ және ПИК қатысуымен осындай дөңгелек үстел ұйымдастыруды көздеп отыр.
– Біз ТКШ қызметтерін баршаға қолжетімді әрі сапалы ету мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, - деп түйіндеді ҚКХ филиалы өкілдері.