Төтенше жағдайдан қорғану

Қостанай облыстық филиалының мүшелері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қалалық өртке қарсы қызмет өкілдерімен бірге профилактикалық іс-шараларға қатысты.

Партиялықтар қаладағы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірге рейд жүргізіп, шара барысында көмірқышқыл газы датчиктерінің орнатылуын тексерді.

1

«Жылу маусымы кезінде тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету өте маңызды. Ал көміртегі тотығы датчиктерін орнату – жазатайым оқиғалардың алдын алудың тиімді жолы», - деді партиялықтар.

Сонымен қатар, партия мүшелері үй иелеріне өрт қауіпсіздігі шаралары жазылған парақшалар таратты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy