Тұтыну кооперациясы болуы керек

![dep.jpg](dep.jpg

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында ұсынылған тұтыну кооперациясы идеясын мақұлдады.

Астанада қанатқақты жоба дайындалуда, оған Комитет қолдау көрсетуге уәде береді.

«Қолжетімді тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтері» тақырыбындағы дөңгелек үстелді Мәжілістегі «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы ұйымдастырған болатын.

– Біздің мақсатымыз Қазақстанда қолжетімді тұрғын үй нарығын дамыту үшін жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді қарастыру, – деп атап өтті сол кезде іс-шараның модераторы, ҚХП депутаты Ислам Сұңқар. Талқылау барысында ҚР Кооперативтері және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығының төрағасы Қазыбек Шайх Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шешудің оңтайлы нұсқасы тұтыну кооперациясы екенін алға тартты. Ол мемлекетке қанатқақты жобаны іске қосуды және тұтыну кооперативтерін кепіл құралына айналдыруға мүмкіндік беруді ұсынды.

– Халық үшін тұрғын үй мәселесін өз бетінше шеше алатындай жағдай жасау қажет, – деді қауымдастық басшысы.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті бұл ұсынысты қолдады.

– Комитет тұтыну кооперациясы арқылы тұрғын үй құрылысы бойынша қанатқақты жобаны іске қосу бойынша әдістемелік көмек көрсетуге дайын, – деп жазылған мекеменің жауап хатында.

Сондай-ақ онда тұрғын үй мәселесін шешу, әсіресе тұрғын үн сатып алу ел азаматтары үшін өте өзекті екені атап өтілген.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy