Түсініксіз биге тыйым керек!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов киіз үйде әдепсіз би билеп жүрген ұлттық киім киген жігіт-қыздардың жанжал тудырған бейнежазбасын сынға алды.

Мәжілісмен қазақстандықтар үшін мемлекеттік және ұлттық рәміздер қасиетті болып табылатынын атап өтті.

– Біз оларды ата-бабамыздан қалған мұраның құндылығын арзандататын күмәнді іс-шараларда пайдалануға жол бермеуге тиіспіз, - деп атап өтті Магеррамов. - Біздің дәстүрлі құндылықтарымыздың символдары арзан қолжаулыққа айналмауы тиіс. Олар түрлі кейіпкерлердің іш киімдері мен жалаңаш денелеріне жабатын арзан дүние емес, еліміздің рәміздері болып қалуы тиіс!

Арандатушылық клип бірнеше күн бұрын желіде жарияланған болатын. Бейнеде жас жігіт, алматылық хореограф екі серіктесімен бірге ұлттық ою-өрнектері бар кеудешемен және биік өкшемен хай хилс киіз үйінде эротикалық элементтермен би билейді. Ролик қазақстандық азаматтардың ашу-ызысын келтіріп, желіде жағымсыз пікірлер тудырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy