Түзетулерге сену керек!

dep.jpg

ҚР Парламент Мәжілісі 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Бұл одаққа мүше барлық мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау бойынша ортақ тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Шартқа түзетулер зиянды және қауіпті организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізуді көздейді, нормаларда ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану және тиісінше, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электрондық сатып алуларына қатысу көзделген.

– Қаралып отырған хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады, - деп мәлімдеді талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар.

Құжат Парламент Сенатының қарауына жіберілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy