Тың игерудің игілігі

dep.jpg

Тұңғыш тың игеруші, жазушы, еңбек ардагері, ветеринария ғылымдарының кандидаты Николай Батюта тың игерудің 70 жылдығына арнап «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихи аспектілері» атты республикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізгені үшін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевқа алғыс білдірді.

Партия басшысына жолдаған хатында Николай Батюта конференцияға академиялық зерттеушілердің, сарапшылардың, мамандар мен практиктердің қатысуы бұл шараның басты ерекшеліктерінің бірі болғанын атап өтті. Сондай-ақ мамандардың қорытындылары объективті әрі бейтарап болғаны да өте маңызды екеніне тоқталды.

«...Конференцияда тың игеру жобасының маңызы және жер жырту нәтижелері жөнінде осы жобаның тікелей қатысушылары мен тың игерудің куәгерлері әзірлеген ауқымды баяндамалар тыңдалды. Барлық спикерлер тың жерлерді игеру жобасының маңызы мен ауыл шаруашылығына арналған жер жырту нәтижелеріне талдау жасады», - деп атап өтті тың игеруші.

Конференция қорытындысы бойынша тыңайған жерлер жобасының құндылығына оң баға беріліп, тың жердің Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызы зор екені айтылды. Сонымен қатар, конференция барысында ауыл шаруашылығының қазіргі таңдағы маңызды мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, сортаңданумен күресу, ылғалды сақтау шаралары және т.б.

«...Зерттеуші ғалымдардың өз баяндамаларында жеке ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің топырақ құнарлығын қалпына келтіру бойынша еш әрекет жасамай отырғанына және қазіргі жер мониторингін ұйымдастырудың төмен деңгейіне алаңдаушылық білдірді. Жалпы, конференцияны ұйымдастыру үшін тың өңірлерден құзырлы қатысушылар таңдап алынды, олардың әрқайсысының баяндамасы өзінше қызықты әрі мазмұнды болды...», - деп атап өтті Батюга.

Хат соңында ардагер тың игеру жылдарының тәжірибесін түсіну еліміздің жас буыны үшін маңызды болғандықтан, конференция қарарында жоспарланған шаралардың барлығы орындалатынына сенім білдірді.

«...Бұл тәжірибені жастар жақсы түсініп, одан әрі дамытуы тиіс!» – деп түйіндеді Николай Батюта.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy