Тың игерушілердің даңқы арта берсін!

Қазақстан Халық партиясы Көкшетауда тың игерудің 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихи аспектілері» тақырыбында республикалық конференция өткізді.

Іс-шара «Достар» Мәдениет үйіндегі шағын экспозициядан басталды, онда барлық қатысушылар мұражай экспонаттарымен және тақырыптық кітап көрмесімен танысты. Конференцияның жалпы отырысын оның модераторлары, профессор, PhD докторы Жақсылық Сәбитов пен Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің өкілі Ислам Сұңқар ашты.

2

– 70 жыл бұрын еліміздің тарихында жаңа бетбұрыс жасалды, - деп атап өтті Ислам Сұңқар өзінің құттықтау сөзінде. - Онда теңдесі жоқ орасан зор әлеуметтік-экономикалық жоба іске қосылған болатын. Оның аты - Тың!

Депутат Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жетістіктер, атап айтқанда, республикаға астық нарығында лайықты орын алуға мүмкіндік беретін дамыған аграрлық сектордан бастап, қазақстандық қоғамның инфрақұрылымы мен мәдениеттер алуандығына дейінгі көрсеткіштердің негізі тың игеру кезеңінен бастау алатынына тоқталды.

4

– Тың дастаны отандық егін шаруашылығы жылнамасындағы табысты кезеңге айналды, - деп түйіндеді мәжілісмен. - Қазіргі уақытта сол тарихи жылдардың батырлары туралы көбірек айтып, ақпарат жариялау қажет.

Конференцияға қатысушыларға Тың туралы фильм көрсетілді. Кейін биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, ҚР білім берудің құрметті қызметкері Әбілжан Құсайынов Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудің әлеуметтік-экологиялық салдары, топырақ эрозиясымен күрес және егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін әзірлеу туралы, сондай-ақ қазіргі уақытта жердің тозуы туралы баяндама жасады.

– Заңнамалық органдардың, мемлекет пен кең жұртшылықтың ортақ күш-жігерімен ғана қоршаған табиғи ортаны сақтауға, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға және жаңа Қазақстанның қалыптасуына қол жеткізуге болады, - деп атап өтті Құсайынов.

Тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Дмитрий Легкий Қостанай облысындағы Тың игеру тарихын егжей-тегжейлі баяндады.

16

– Украина КСР, РСФСР, Беларусь КСР және Молдавия КСР-нен келген алғашқы жас тың игерушілердің, механизатор-еріктілердің алғашқы эшелондары Қостанайға 1954 жылғы 28-29 ақпанда келді, - деп хабарлады ол.

Дмитрий Легкий тың игілігін ешкім де, ештеңе де жоя алмайтынын, ал Халық партиясы өз тарапынан тарихты бұрмалаушылар мен теріс көрсетушілерге қарсы батыл күрес жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

«Фрунзенское» ЖШС директоры Николай Шерер мен ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері Мойылжан Қанаев алғашқы тың игерушілердің қалай өмір сүріп, жұмыс істегені туралы айтып берді.

5

– Біз, аға буын, тың және тыңайған жерлерді игерудің арқасында 1954 жылы қарнымыз тоя нан жегенімізді білеміз, - деп атап өтті өз сөзінде Мойылжан Қанаев.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы жемшөп өндірісі жөніндегі маман Құдайберген Конопьянов өңірдегі егіншілікті дамытудың қазіргі заманғы проблемалары туралы баяндады. Педагогика магистрі, Солтүстік Қазақстан тарихи-этнографиялық мұражайының ғылыми қызметкері Вера Андреева мен тарих ғылымдарының кандидаты, білім берудің үздігі, еңбек ардагері Нэлли Иванова Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру туралы шағын тарихи экскурсия өткізді. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдар магистрі Диана Райымбекова, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС биологиялық егіншілік зертханасының меңгерушісі Владимир Заболотских және тарих ғылымдарының магистрі, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы Қуандық Бекішев баяндама жасады. Алғашқы тың игеруші, жазушы, еңбек ардагері Николай Батюта да сол дәуір туралы естеліктерімен бөлісті.

– Қазақстан үшін тың игерудің маңызы даусыз, - деп қорытындылады Николай Батюта. - Тың игеру жылдарының тәжірибесі ұмытылмайтынына, қазақстандық жас ұрпақтың өткен тарихи кезеңдерді дұрыс түсінетініне және еңбек етуге деген құлшыныстың дамитынына сенім білдіремін.

Конференция соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.

8

9

10

11

12

13

14

15


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy