ҰҚШҰ қолдайды!

dep.jpg

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстанның Голан биіктігіндегі бітімгершілік миссиясын мақұлдайды. Жуырда ұйым осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады.

«... ҰҚШҰ Тұрақты кеңесі Қазақстан Республикасының ұлттық бітімгершілік контингентінің өз бетінше Голан биіктігінде бөлінуді бақылау жөніндегі БҰҰ күштерінің құрамында қатысуын құптайды», - деп атап өтті ҰҚШҰ баспасөз қызметі ұйымның сайтында жарияланған хабарламада. - Және бұл тәжірибе ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің әлеуетін одан әрі арттыруға, олардың мүмкіндіктері аясын кеңейтуге практикалық үлес қосатынына сенім білдіреді... "

Бұл жерде ҰҚШҰ өз тарапынан бітімгершілік күштер контингенттерін жүйелі негізде даярлауды жалғастыратыны атап өтілді. Бұл ұлттық бағдарламалар бойынша да, «Мызғымас бауырластық» тұрақты бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығуы форматында да жасалуда.

«... БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін жұмылдыру мүмкіндігі аясында біз ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің БҰҰ-мен бітімгершілік саласындағы өзара іс-қимылға дайындығын растаймыз», - делінген хабарламада.

Қазақстан алғаш рет бітімгершілік миссиясын өз бетінше өрістетуге және орындауға халықаралық мандат алды. Контингенттің құрамына 139 әскери қызметші кіреді, олардың міндеті - Израиль, Палестина, Сирия және Судандағы даулы аумақтарда қарсы тараптар арасында оқ атуды тоқтату режимін қолдау. Бұған дейін біздің бітімгершілік әскерімізді Таяу Шығысқа жіберу туралы шешім Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған болатын. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары бұл шешімді мақұлдағандар қатарында болды.

– Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысуы практикалық дағдыларды игеру, қарулы күштердің әлеуетін және жалпы алғанда, тәжірибені арттыру үшін үлкен маңызға ие деп санаймыз, - деп атап өтті ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар. - Сондай-ақ бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның толыққанды мүшесі ретіндегі халықаралық аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді деп есептейміз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy