Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «Евразия.Эксперт» сараптамалық порталына еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған эксклюзивті сұхбат берді.
ҚХП басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімелей келе, оның рөлі арнайы жедел әскери күштерді қолданумен шектелмейтіндігі туралы кеңінен айтып берді. Елеп-екшеп, ақылға салмай тұрып, ұйым қатарынан кетуге шешім қабылдаған мемлекеттер нақты не жоғалтады? Не үшін ҰҚШҰ-ға мүше елдерде тұрақты түрде бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізіледі және оған қандай қажеттілік бар? Қантардағы қайғылы оқиғалар бүкіл Орталық Азия өңірі үшін қандай қауіп төндірді, жағдайды тұрақтандыру үшін Ұйымның бітімгершілік контингенті қандай рөл атқарды?
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден оқыңыздар: