ҚХП бірнеше өңірде көше жарығына мониторинг жүргізді

Қазақстан Халық партиясы өңірлердегі азаматтардың тұрмыс жағдайы бойынша түрлі салада тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. «Халық үні» жобасы аясында партия өкілдері тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайына ерекше назар аударып, жергілікті билік органдарының қатысуымен қордаланған мәселелерді анықтап, оларды шешуді мақсат етіп отыр.

Қостанай облыстық филиалы қаладағы жеке сектордың көшелеріндегі жарық шамдарына қоғамдық мониторинг жүргізді. Тексеру Рубинштейн, Урицкий, Майлин және Дулатов көшелерін қамтыды. Тұрғындар қараңғы уақытта жарықтың болмауына алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдайдың қолайсыздық туғызып, қауіп төндіріп отырғанын айтты.

1

2

– Мониторинг қорытындысы бойынша, Рубинштейн көшесінің басым бөлігі мен Дулатов тұйығы жарықсыз қалғаны анықталды. Урицкий көшесінде жарық шамдарының тек біраз бөлігі ғана жұмыс істейді, - деді партия өкілдері.

3

Қазақстан Халық партиясы бұл мәселені бақылауда ұстап, тиісті органдарға ресми түрде өтініш жолдамақ.

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы да осыған ұқсас тексеруден кейін қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда көше жарығы мен учаскелік полиция пунктерінің жұмысы талқыланды.

Партиялық мониторинг нәтижесінде бірқатар көшелерде жарығы жоқ «қараңғы аймақтар» анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Физкультура көшесіне қосымша электр шкафын орнату және өзге аудандарда жарық жүйесін ішінара қалпына келтіру қажеттігін растады. Бұл мәселе жұмыс жоспарына енгізілді.

4

Сонымен қатар, сауалнама барысында тұрғындардың шамамен 60 пайызы ғана учаскелік полиция пунктінің қай жерде орналасқанын білетіні, бірақ өз учаскелік инспекторларын танымайтыны анықталды. Ал 28,6 пайызы не пунктің орналасқан жерін, не өз учаскелік полицейін білмейді.

– Біз бұл мәселені шешу үшін учаскелік полициямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін цифрлық байланыс арналарын (чат-боттар, онлайн топтар) енгізуді ұсындық. Полиция департаменті бұл бастаманы қолдады, - деді партиялықтар.

5

6

Бұдан бөлек, ШҚО филиалының өкілдері ҚХП жастар қанатымен бірлесіп, «Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор – жасөспірім» бағдарламасы аясында бірлескен жұмыс жүргізуге келісті және учаскелік пунктерге пандус орнату туралы ұсынысты әкімдікке жолдады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy