Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1945 жылғы 9 мамыр – ержүрек аталары Рейхстаг үстінде Жеңіс Туын желбіреткендер үшін қасиетті күн. 600 мыңнан астам қазақстандық соғыс майданынан қайтып оралмады. Оралмағандардың алдында біздің перзенттік борышымыз ешқашан өтелмек емес, ең бастысы ержүрек батырлардың ерлік істеріне лайықты болуға тиіспіз.
Бүгін біз бәріміз бірге ата-бабаларымыз мұра еткен Отанға деген сүйіспеншілік, Отанды қорғау және жақыныңа жан аямай жәрдемдесу секілді құндылықтарға сүйене отырып, Қазақстанның болашағын құрып жатырмыз. Біз бұл күнді қайғы-қасірет мерекесі деп санайтындармен келісе алмаймыз. Бұл азаттық мерекесі еліміздің және бүкіл адамзат өркениетінің тарихындағы ең маңызды күн ретінде мәңгі есте қалады.
Осы жарқын мамыр мерекесінде әрбір қазақстандықтың жүрегі Отанымыз бен ата-бабаларымыз үшін мақтаныш сезіміне толсын. Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің даңқы мәңгі арта берсін. Ортамызда өмір сүріп жатқан ардагерлерге мәңгілік тағзым жасаймыз.
Осы мереке күндері әрбір үйге жақсылық пен жарқын көңіл-күй енсін, халқымыздың мәңгілік ерлігі еліміздің барлық ұрпағының жүрегін жылытсын.
Барша отандасымызға бейбіт аспан, ұзақ өмір, мұқалмас жігер, бақ-береке, жақсылық пен амандық, болашаққа деген нық сенім тілейміз!
Қазақстан Халық партиясы