Қазақстан Халық партиясы «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты мерекелік іс-шаралар топтамасын бастады. Науқан ардагерлер, тыл еңбеккерлері, «соғыс перзенттері», үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық белсенділер мен жастардың қатысуымен кездесу форматында өтуде.
Акцияның белсенді қатысушысы ҚХП Ақмола филиалы «Көкше» мәдениет үйінде салтанатты шара өткізді. Шараның модераторы, ҚХП облыстық филиалының төрағасы Арман Тастамбеков партия биылғы маңызды жылды ерекше жауапкершілікпен әрі мақтанышпен бастағанын атап өтті. Кездесу аясындағы концерттік бағдарламада соғыс жылдарындағы әндер орындалып, қонақтарға ерекше атмосфера сыйлады.
«Біз азаттық үшін жанын қиғандардың рухына тағзым етіп қана қоймай, тарихи жадты сақтаудың маңызына да тоқталып өткіміз келеді. Бүгінгі бейбітшілік пен Тәуелсіздік таңына қол жеткізу құны ата-бабаларымыз өте қымбатқа түскенін жас ұрпақ біліп, түсінуі керек», - деп атап өтті ҚХП облыстық филалының басшысы.
Ұлы жеңістің мерейтойына ҚХП Алматы қалалық филиалы да өз үлесін қосты. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясында кездесу өткізді.
«Бұл іс-шаралардың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, сондай-ақ тарихи жадты сақтау және тарихымыздың бұрмаланып, қайта жазылуының алдын алу», - деп атап өтті алматылық партия мүшелері.
Осындай жиынды Шығыс Қазақстан халықтық партиясының өкілдері де ұйымдастырды.
– Бұл дата еліміз үшін, әрбір қазақстандық үшін ешқашан маңызын жоймайды! Біз жерлестеріміздің ерлігін құрметтейміз және бейбітшілік таңы үшін күрескен, Отанын қорғаған барша азаматты мақтан етеміз! – деп атап өтті Қазақстан Халық партиясынан сайланған мәслихат депутаты Анжела Горностаева.
ҚХП-ның Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралары жыл бойы өткізіледі.