Қазақстан Халық партиясы «Партияның алтын қоры» атты жаңа акция бастады. Ол көп жылдар бойы партияның бастамалары мен саясатын қолдап келе жатқан партия ардагерлеріне арналған. Акция аясында елге еңбек сіңірген партия мүшелерінің жаңа ұрпақпен кездесуі, тәжірибе бөлісуі жоспарланған.
ҚХП Қызылорда облыстық филиалы 10-15 жылдық еңбек өтілі бар партия ардагерлері мен жастар қанатының өкілдерін шақырып, пікірталас өткізді. Олар қазіргі заманғы партиялық құрылым қағидалары мен идеяларды халық арасына таратып, көпшіліккке жеткізу бағыттарын жан-жақты талқылады. Басқосу соңында филиал басшысы Қайрат Ерназаров құрметті қонақтарға Алғыс хаттар табыстады.
Ал ҚХП Түркістан облыстық филиалы Сайрам ауданында скандинавиялық жаяу жүруден марафон ұйымдастырды. Іс-шараның басталуында ҚХП облыстық филиалының басшысы Зухра Қамбарова сөз сөйлеп, баршаға сәттілік тіледі. ҚХП аудандық өкілдігінің төрағасы Ахтан Исаевтың басшылығымен партияның ардагерлері марафонды Ақсукенттен бастап, Қызылсу-Ақбұлақ-Өтеміс-Мәртөбе арқылы өтіп, Сайрамда (ұзақтығы 25 шақырым) аяқтады. Жорық алты сағатқа созылды. Марафон барысында қатысушылар Мәртөбенің қасиетті төбесіне шықты. Дәл осы жерде, қазақтың қабырғалы үш биі, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би «Жеті жарғы» аталған далалық заңдар жинағын қабылдап, Тауке ханның мөрімен бекітілген болатын. Партиялықтар тарихи жерге құрмет көрсету үшін саяхаттарын тоқтатып, өткенге құрмет көрсетті. Сапар соңында барлық қатысушыларға (ең үлкені - 72 жас, ең кішісі - 18 жас) Алғыс хаттар тапсырылып, қазақы пейілмен мол дастархан жайылды.
ҚХП партиясы Ақмола облыстық филиалының кеңсесінде партия қозғалысына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен белсенділерге құрмет көрсетілді. Филиал төрағасының міндетін атқарушы Арман Тастамбеков құрметті қонақтарға алғысын білдіріп, оларға партиялық грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.
– Сіздер Қазақстан халқының игілігіне бағытталған біздің бастамаларымызды әрдайым қолдап келесіздер, - деп атап өтті ол. - Біз сіздердің жұмысқа деген шығармашылық көзқарастарыңызды, азаматтық ұстанымдарыңыз бен ерік-жігеріңізді жоғары бағалаймыз. Қажырлы еңбегіңіз бен ортақ іске деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Ұрпақтар сабақтастығы біздің партия мен қоғамды дамытуда маңызды рөл атқарады.