Ұрпақтар үндесуі

Қазақстан Халық партиясы «Партияның алтын қоры» атты жаңа акция бастады. Ол көп жылдар бойы партияның бастамалары мен саясатын қолдап келе жатқан партия ардагерлеріне арналған. Акция аясында елге еңбек сіңірген партия мүшелерінің жаңа ұрпақпен кездесуі, тәжірибе бөлісуі жоспарланған.

ҚХП Павлодар облыстық филиалының белсенділері «Ұрпақтар үндесуін» ашық диалог форматында ұйымдастырды. Іс-шараға партия қалыптасуының бастауында тұрған ақсақалдар, өңірдің қазіргі белсенділері мен жастары шақырылды. Басқосу облыстық ардагерлер кеңесінде өтті.

1

2

– Мұндай тығыз байланыс пен ұрпақтардың қарым-қатынасы аса маңызды, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. - Аға буын ардагерлер мен еңбеккерлерден, белсенділерден үлгі алған жастар қорытынды жасап, алдарына биік мақсаттар қоятын болады, өмірде көп нәрсеге қол жеткізген осы адамдардың баға жетпес тәжірибесін пайдаға асыратын болады.

3

Акция аясында партияның Батыс Қазақстан (Орал қаласы) және Маңғыстау облыстық филиалдарында да партия ардагерлеріне құрмет көрсетілді. ҚХП еңбек сіңірген белсенділер мен ардагерлерге сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy