ҚХП белсенділері өңірлерде мониторинг жүргізді

Азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі – Қазақстан Халық партиясының «Халық үні» атты жаңа жобасының басты мақсаты. Жоба аясында өңірлік филиалдардың өкілдері елді мекендердегі көше жарығы, өрт қауіпсіздігі және учаскелік полиция инспекторларының халыққа қолжетімділігін тексеруде.

Алматы қалалық филиалының белсенділері учаскелік инспекторлардың жұмысын қоғамдық тұрғыда бақылаудан өткізді.

1

– Біз тұрғындардың өз учаскелік инспекторын қаншалықты білетінін, полиция пунктінің орналасқан жерінен хабардар ма, және инспектор жұмысы туралы ақпарат қаншалықты қолжетімді екенін анықтағымыз келді, – деді партия белсенділері.

2

Мониторинг барысында полиция пункттеріндегі ақпараттық тақтайшалардың бар-жоғы, онда инспектордың аты-жөні, қабылдау уақыты мен байланыс деректерінің көрсетілуі, сондай-ақ нысандардың жарықтандырылу деңгейі тексерілді. Тұрғындар арасында сауалнама да жүргізілді.

– Мониторинг қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама дайындалып, полиция органдарына тұрғындармен өзара байланысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жолданады, – деп түйіндеді партия өкілдері.

Атырау облыстық филиалы да қаланың бірнеше көшесінде, соның ішінде Н.Хабиев, Қожақаев, Әуезов және нөмірленген көшелерде жарықтандыру жағдайын тексерді.

3

– Н.Хабиев көшесінің кейбір аулалары мен жаяу жүргіншілер жолдарында шамдардың істен шыққаны анықталды. Бұл деректер жергілікті билікке арнайы дөңгелек үстел кезінде жеткізіледі, – деді белсенділер.

Ақтөбеде партия өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп көше жарығын тексерді. Тексеру барысында М.С.Прохоров көшесі мен оған іргелес аулаларда жарық шамдарының дұрыс жанбайтыны анықталды.

4

– Қаланың ескі бөлігінде жарық жиі сөніп қалады. Кей көшелер мен бұрыштарда шамдар мүлде жанбайды, сондықтан тұрғындардың түнгі уақытта жүруі қауіпті, – деді ақтөбелік белсенділер.

5

Батыс Қазақстан облысында да партия мүшелері Орал қаласы мен маңайындағы учаскелік пункттерге барып, бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады. Кейбір пункттер жабық болған, ал ашық тұрғандарының көбінде инспектордың байланыс нөмірі мен аты-жөні көрсетілмеген. Тұрғындардың көбі өз учаскелік полициясын және оған қалай жүгінуге болатынын білмейтіндерін айтты.

– Учаскелік полиция жұмысы туралы ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Полиция мен халық арасындағы байланыс нығаюы қажет. Мониторинг қорытындысы бойынша Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, анықталған кемшіліктерді жою және өзара ынтымақтастықты арттыру бойынша ұсыныстар беріледі, – деді партия өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy