Құрметті Ирина Владимировна!

dep.jpg

Сізді Қазақстан Халық партиясының ұжымы туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!

Сізді жұртшылық ел мүддесін биік қоятын, еңбекқор әрі іскер, бастамашыл азамат деп біледі. Мәжіліс мінберінде қоғамның көкейкесті мәселелерін көтеріп, заң шығару ісіне де, партияның қоғамдық-саяси жұмысына да сүбелі үлес қосып келесіз.

Қазақстан Халық партиясының алға қойған мақсаттарға қол жеткізуі жолында Сіз секілді бастамашыл, сенімді, парасатты тұлғалардың рөлі айрықша. Сіздің еңбекқорлығыңыз, өмірге деген оптимистік көзқарасыңыз бен белсенді ұстанымыңыз барша әріптесіңізге үлгі.

Сізді кәсіби шеберлігі мен білігі үйлескен саясаткер, жауапкершілігі жоғары кәсіби маман, сымбаты мен парасаты жарасқан қайраткер жан ретінде танимыз.

Сізге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға амандық пен береке, еңбегіңізге табыс тілейміз. Парламенттік қызметіңіз жемісті болып, әр күн сайын жаңа биіктерді бағындыра беріңіз. Арманыңыз орындалып, алға қойған мақсаттарыңыз сәтімен жүзеге ассын!

Ізгі тілекпен, Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy