Құрметті металлургия саласының өкілдері!

dep.jpg фото erg.kz

Сіздерді кәсіби мереке – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен рухтың беріктігін талап ететін кәсіп. Металлургтер күні – еліміздің индустриялық қуатын қалыптастырып, экономиканың берік іргетасын қалауға сүбелі үлес қосып жүрген жандардың мерекесі.

Қайнаған оттың арасында жүріп, ауыр да күрделі өндірісте еңбек ету – мықты мінез бен кәсіби шеберлікті талап етеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен еңбекке деген адалдықтарыңыз зор құрметке лайық.

Еліміздегі әрбір құрылыс, әрбір өндіріс пен елдің өркендеу жолындағы әрбір жетістікте металлургтердің қолтаңбасы бар.

Қазақстан Халық партиясы сіздердің қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалай отырып, ризашылығын білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Құрметпен, Қазақстан Халық партиясы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy