Құрметті құтқарушылар!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл айтулы күн – адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғауды өмірлік борышы санайтын ержүрек әрі жауапты маман иелеріне деген терең құрмет пен ризашылықтың нышаны.

Әрбір құтқарушы – кез келген қиын да қауіпті сәтте көмекке келуге дайын нағыз батыр. Сіздердің батылдық пен жанқиярлыққа толы еңбектеріңіздің арқасында қоғамда тыныштық пен қауіпсіздік орнайды. Қиын сәтте тез шешім қабылдап, өз өмірлеріңізді қатерге тіге отырып, өзгелердің амандығы үшін қызмет ету – нағыз ерлік.

Қазақстан Халық партиясы халықтың амандығы мен ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреді. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының тірегі.

Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Қазақстанның Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy