Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызмет жолында бірге жүрген барша әріптесіңіз бойыңыздағы кәсіби біліктілік, белсенділік пен табандылық қасиеттерді, сондай-ақ мықты ұйымдастырушылық қабілетіңізді ерекше бағалайды. Сіз еңбек жолында партиямыздың құрылымын нығайтып, алға басуына және саяси өркендеуіне зор үлес қосып келесіз.
Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт және мол қуаныш тілейміз. Ойға алған жоспарларыңыз сәтті жүзеге асып, еңбегіңіз табысты болсын. Бойыңыздағы қажыр-қайратыңыз бен күш-жігеріңіз сарқылмасын.
Құрметпен, Қазақстан Халық партиясы