Жеңіс күні қарсаңындағы игі істер

Қазақстан Халық партиясы Жеңістің 80 жылдығына арналған өңірлік іс-шаралар легін жалғастырып келеді. Партия мүшелері экскурсиялар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер мен спорттық жарыстар өткізуде.

Павлодар облыстық филиалының белсенділері Павлодар қаласындағы №14 мектепте орналасқан И.В. Панфилов атындағы Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа экспозициясының ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараға жоғарғы сынып оқушылары, интернационалист-ардагерлер, «Панфиловшылар» іздеу тобының жауынгерлері (топ жетекшісі – Бақытжан Үтепов, орынбасары – Рафаэль Мұхамеджанов), сондай-ақ Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдері қатысты.

1

2

– Бұл – тарихи жадымызды сақтау, ерлер ерлігіне құрметпен қарау және жастар арасында музей ісін дәріптеуге бағытталған маңызды қадам, – деді ұйымдастырушылар.

3

4

Жетісу облыстық филиалы әскери-техникалық мектеппен бірлесіп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған ауқымды әскери-патриоттық шара өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты викториналарға, тактикалық тапсырмалар мен спорттық жарыстарға қатысты. Бұл сайыстар жастардың төзімділігін арттырып, командалық рухты қалыптастыруға сеп болды. Жеңімпаздар мен белсенділерге алғыс хаттар табысталды.

5

6

7

8

Шымкент қалалық филиалы шахмат клубымен бірлесіп, батыр қыздың мерейтойына арналған әскери-патриоттық шахмат турнирін ұйымдастырды. Турнир аясында «Ерлік» тарихи музейінің қызметкерлері Айгүл Бердікұлова мен Ботагөз Нұрқұлова Әлия туралы тағылымды дәріс оқыды. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

9

10

11

12

13

14

15

Ал Ақмола облысында ҚХП өкілдері Жеңіс күніне орай ушу-саньда спортынан ашық чемпионат өткізді. Жарысқа Астана, Қосшы, Көкшетау, Атбасар, Есіл, Петропавл мен Қостанай қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Ашылу салтанатында облыстық филиал төрағасы Арман Тастамбеков жастарды тәрбиелеуде спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын атап өтті. Жеңімпаздар медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Ал жергілікті жаттықтырушылар бұқаралық спортқа қолдау көрсеткен ҚХП бастамасына ризашылық білдіріп, партия қатарына қосылуға ниет білдірді.

16

17

18

19

20


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy