ҚХП өңірлерде қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

«Халық үні» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдары өңірлерде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруда. Жобаның басты мақсаты – қазақстандықтардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Партия мүшелері көше жарығының жай-күйін және учаскелік инспекторлардың қызметін тексеріп, қоғамдық мониторинг жүргізді. Анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелдерде талқыланды.

Абай облыстық филиалы Семей қаласының Шығыс және Бобровка аудандарында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Партия өкілдері көше жарығының сапасын және полиция пунктерінің жұмысын бағалады. Жиынға полиция қызметкерлері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары, қалалық мәслихат депутаттары мен азаматтық белсенділер қатысты. Кездесуде жарықтандыру жеткіліксіз учаскелер мен тұрғындардың ұсыныстары талқыланды.

1

– Біздің ортақ мақсатымыз – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамды шешім қабылдау процесіне тарту, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

2

Атырау облыстық филиалы да осыған ұқсас «Қауіпсіз орта: қоғамдық мониторинг қорытындылары және өзара іс-қимыл шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

3

5

– Кездесуде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру және жергілікті билік пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері көтерілді, – деп қорытындылады партия өкілдері.

4

Павлодар облысындағы ҚХП өкілдері де учаскелік инспекторлардың жұмысы мен қаладағы көше жарығының жағдайын егжей-тегжейлі тексерді. Подполковник Арман Қаптаевтың айтуынша, Павлодар облысында 336 учаскелік инспектор қызмет атқарады, ал биылдың өзінде олар 20 мыңнан астам профилактикалық рейд жүргізген. Орта есеппен бір инспекторға 1800-2500 тұрғыннан келеді.

6

– Қызметкерлер тапшылығы 12 пайызға дейін қысқарды. Біз жоғары оқу орындары мен колледж түлектері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – деді подполковник.

7

Жиын барысында қатысушылар «Жасыл тоғай» шағын ауданындағы көше жарығын және бейнебақылау камераларын орнату, «Атамекен» кентіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру мен қиылыстардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындардың учаскелік инспекторлармен байланыс арналары, сондай-ақ тұрмыстық және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy