Қазақстан Халық партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасын жалғастыруда. Акциялар, патриоттық сағаттар, еске алу шаралары және басқа да іс-шаралар жыл соңына дейін өтеді.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Балқаш қаласында Қазақстан Халық партиясының қалалық өкілдігі ұйымдастырған гір көтеру спорты бойынша турнир өтті. Жарысқа жергілікті колледж студенттері қатысты. Қатысушылар спорттық бәсекенің нағыз рухын көрсетіп, жеңіске деген жігері мен шеберліктерін паш етті. Көрермендер мен қонақтар да оларға барынша қолдау білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша турнирді ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтарға партия атынан алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, сайыстан кейін партия қатарына қосылған кандидаттарға партия билеттері тапсырылды.
– Бұл – қоғам өміріне белсене араласу жолындағы маңызды қадам! – деп атап өтті партияның жаңа мүшелері. Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Өскемен қаласындағы №36 орта мектепке барып, ҚХП ұйымдастырған «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» атты республикалық бейнероликтер байқауының жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етті.
Марапаттау рәсімі барысында мектеп басшылығы осындай байқау өткізгені үшін партия өкілдеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.
– Жас ұрпақ – біздің болашағымыз, алайда өткенді ұмытқан елдің іргетасы берік болмайды. Соғыс тарихта терең із қалдырды, ал біздің міндетіміз – ата-бабамыздың ерлігіне деген құрметті сақтау, – деп атап өтті байқауды ұйымдастырғандар.
Республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысының өкілдері жүлделі орындарға ие болды:
1-орын – Мақсат Ерсайынов,
2-орын – Анастасия Якушева мен Виктория Станько.
3-орын астаналық Елена Казанскаяға бұйырды.