Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мектеп бағдарламасына «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды. Бұл пәнді жоғары сыныптардан бастап оқыту жоспарланып отыр.
Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, кейінгі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар айтарлықтай артқан. Ең сорақысы – көпшілігі өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін мүлде білмейді.
Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде тәртіпсіздікке бармауға тырысады. Олар алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөліссе дейміз. Мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз. отбасындағы тәрбие мен заңды білу, құрметтеу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз, - деді Асылов.
Бұл ұсынысты ҚХП Парламенттік фракциясының депутаттары да қолдап отыр.
– 9-сыныпта «Құқық негіздері» пәні бар. Аптасына небәрі 1 сағат! Онда да нақты құқық емес, оның түрлері мен тарихы жайлы ғана оқытылады. Ал жасөспірімнің заң алдындағы жауапкершілігі 14 жастан басталады! Алайда көп бала өз құқығын да, міндетін де білмейді, - деді Смирнова.