Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен жұмыс кездесуі жалғасуда. ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, мәжілісмен Магеррам Магеррамов мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін бірқатар спорт ұйымдарын аралады.
Ең әуелі депутат Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубына барды. Мұнда осыған ұқсас клубтар мен спорт залдарындағыдай қазақстандық параспортшылардың жеңіске деген жігері жанылады. Елімізде инклюзивті қоғамның қалыптасуы мүгедектігі бар адамдарға спорт саласында танылуына және әлеуметтенуіне мүмкіндік беріп отыр. Депутат клубтың жұмысымен танысып, жаттықтырушылар құрамымен сөйлесті және спортшылардың жетістігіне куә болды.

– Біздің партия мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға ерекше мән береді, – деді Магеррамов. – Менің ойымша, параспорт саласында балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар мен мамандардың даярлығын күшейту қажет, өйткені педагогтардың кәсібилігі осы бағыттың болашағына тікелей әсер етеді.
Бұдан кейін депутат Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитетінің басшылығымен кездесті.

– Біз паралимпиадалық спорттың даму перспективалары мен өзекті мәселелерін, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқыладық, – деді Магеррамов. – Соңғы уақытта Қазақстанның паралимпиадалық командасы жоғары жетістіктерімен қуантып, түрлі деңгейдегі жарыстарда ел намысын лайықты қорғап жүр.

Естеріңізге салайық, қазақстандық команда Дубайда жасөспірімдер арасында өткен V Азия параойындарында 68 медаль жеңіп алды: 25 алтын, 23 күміс және 20 қола. Жалпы командалық есепте 45 елдің ішінде бесінші орынға ие болды. Мәжіліс депутатының пікірінше, бұл инклюзияның, кәсіби қолдаудың және тең мүмкіндіктің нақты нәтиже беретінінің айқын дәлелі.
@halyk_partiyasy