Қазақстан Халық партиясының Ақмола облыстық филиалы ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақпараттық акция ұйымдастырды. Іс-шара аясында облыс жастарына арналған зияткерлік викторина өткізілді. Бұл шара ҚХП-ның «Мәдени мұра» партиялық жобасы аясында жүзеге асты.
Акцияны ұйымдастыруға облыстық тарихи-өлкетану музейі айрықша қолдау көрсетті.
– Шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру, – дейді ұйымдастырушылар.
Викторинаға қатысушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін ортаға салды. Жеңімпаздарға Абайдың «Қара сөздері» жинағы табысталды.
– Абай шығармашылығы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның өсиеттері мен даналық сөздері әр қазақтың жүрегінде сақталуы керек. Бұл – біздің рухани іргетасымыз, – деді ҚХП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Арман Тастанбеков.