«Партиялық серпін» жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр

Қазақстан Халық партиясы «Партиялық серпін» жобасын іске асыруды жалғастыруда. Бұл жоба аясында партия мүшелері ҚХП бағдарламасын кең аудиторияға насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Жобаның мақсаты – партия белсенділерінің еліміздің мемлекеттік органдарындағы жұмысын дамыту.

«Партиялық серпін» аясында Қарағанды техникалық университетінде «Дамыған азаматтық қоғамдағы саяси лидер жастар мүддесі тұрғысында» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жастар өз болашағы, мансабы және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері жайлы ойларымен бөлісті. ҚХП өкілдері студенттерге арналған партияның бастамалары жөнінде және жаңа буынның қоғамдық өмірге қатысуының маңызы туралы айтты. ҚХП жанындағы «Jas Orta» жастар қанаты қазіргі азаматтық қоғамның дамуындағы жастардың рөліне тоқталды. Студенттер жұмыспен қамту, көшбасшылық және кәсіби дағдыларды дамыту туралы сұрақтар қойды.

1

2

– Мұндай кездесулер жастарға өз пікірлерін білдіруге, пікірлестерін табуға және болашағын қалыптастыруға көмектеседі, – деп қорытындылады партия өкілдері.

3

ҚХП-ның Абай облыстық филиалы «Абай облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің бүгінгі және ертеңгі жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мұнда облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің қазіргі күйі, оларды сақтау және вандализмнен қорғау мүмкіндіктері, сондай-ақ, осы ескерткіштерді туристік маршруттарға қосу мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелге облыс әкімдігі өкілдері, зиялы қауым, өлкетанушылар, мәдениеттанушылар, қоғамдық ұйым мүшелері және ҚХП белсенділері қатысты.

ҚХП-ның Ұлытау облысындағы филиалы аталған жоба аясында партия билетін табыстау салтанатын өткізді. Партияға қосылуға ниет білдіргендер қатарында жергілікті еңбек ардагерлері де болды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy