Биыл көктемде Қазақстан Халық партиясының қатары айтарлықтай толықты. Бірқатар өңірде жаңа мүшелерге партия билетін табыстау бойынша салтанатты іс-шаралар өтті.
Осындай шаралардың бірі Балқаш қалалық филиалында ұйымдастырылды. Оған Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Қалел Мақсұтов пен Қазақстан Халық партиясы ОА ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Нұрдәулет Оразханов қатысты. Сондай-ақ, партияның ерекше белсенділік танытқан мүшелері «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.
– Халық партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып жатыр, ал белсенділердің еңбегі лайықты бағалануда! – деп түйіндеді өз сөзін Оразханов.
Салтанатты рәсім Балқаш қаласындағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының ұжымымен және Халық банкінің қалалық филиалының қызметкерлерімен өткен кездесулермен жалғасын тапты. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, партия мүшелері партия бағдарламасының негізгі бағыттары мен бастамалары туралы баяндады. Кездесулердің соңында партия қатарына қосылған жаңа мүшелерге партия билеті табысталды.
Шымкентте партия билеттері «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының кеңсесінде табысталды. Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахтияр Жандарбеков қоғамдық белсенділіктің артуы қала үшін аса маңызды екенін атап өтті.
– Бұл – партиямызды нығайтуға, біздің идеяларымызды бөлісетін адамдардың қатарын көбейтуге жасалған маңызды қадам. Осылайша біз еліміздің дамуына үлкен үлес қоса аламыз. Жаңа партия мүшелерін құттықтаймыз және бірге үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз! - деді ол.
Партия билеттерін табыстау рәсімі Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында да өтті.
– Біздің қатарымызға қосылған әрбір азамат – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын, әділдік пен теңдік қағидаларын ұстанатын тұлға! – деп атап өтті партия өкілдері.
Ал Шығыс Қазақстан облысында партия қатарына негізінен жастар қосылды. Облыстық филиалдың төрағасы Қайрат Мусин партия қатарына жаңадан қосылғандарға жылы лебізән білдіріп, құттықтады. Іс-шараға Халық партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысының орынбасары Анар Дүкенбаева және Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Ілияс Төлегенов қатысты. Олар да жастарды құттықтап, сәттілік тілеп, партия қатарында үлкен жетістіктерге жетулеріне ниеттестік білдірді.
Партия билетін табыстау рәсімін Қызылорда облыстық және Алматы қалалық филиалдарының өкілдері де ұйымдастырды.