фото әлеуметтік желіде
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 7–12 сынып оқушыларына сабақ кезінде смартфон ұстауға тыйым салынды. Енді балалар сабақ басталар алдында телефондарын арнайы бөлмеге тапсырып, тек сабақтан аяқталған соң қайта алады.
Алайда бұл жаңалық әзірге оң нәтиже берген жоқ. Керісінше, сабақ біткен сәтте жүздеген оқушы бір мезетте телефон алуға жиналып, ұзын-сонар кезек туындаған. Осындай сәттердің бірін ата-аналар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда балалардың бір-бірін итеріп, әбігерге түскені анық көрінеді.
Ең әуелі наразылық танытқандар – ата-аналар. Олар мұндай жағдайдың қауіпті екенін, балалардың жарақат алу қаупі барын айтады. Сондай-ақ күндіз балаларымен байланыса алмау да ата-аналарды алаңдатып отыр.
Бұл мәселеге қатысты НЗМ баспасөз қызметі түсініктеме берді. Мекеме өкілдері жағдайды «бір реттік оқиға» деп атап, алдағы уақытта қайталанбайтынын жеткізді.
НЗМ баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, жағдай тек бір мектепте болған және қайталанбайды.
«Бірқатар Зияткерлік мектептерде смартфон қолдануға шектеу бұған дейін пилоттық жоба ретінде енгізілген», – деді олар.
Дегенмен, бұл уәж қоғамды қанағаттандырмады. Мәжіліс депутаты, ҚХП өкілі Ирина Смирнова мәселені ашық сынады.
– Балаларға телефонды пайдалануға болмайды деп шешім шығару оңай. Бірақ сол ережені дұрыс жүзеге асыру жағы ойластырылмаған. Жүйені дұрыс ұйымдастырмай, балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіру – қате шешім, – деді депутат.
@halyk_partiyasy