Визит орталық – елдегі туризмді дамытуға таптырмас көмек

dep.jpg

«Ақжайық» қорығына Визит-орталығы қажет. Жақында басшы Балжан Досмұхамбетова бастаған Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының мүшелері қорыққа барып, жағдайды көзбен көрген соң осындай қорытындыға келді.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы 2009 жылы құрылған. Бұл экологиялық және ғылыми мәртебесі бар ерекше қорғалатын аумақ. Ол биологиялық кешендерді, сондай-ақ олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді қорғауды, қалпына келтіруді және сақтауды қажет ететін экологиялық жүйелерді қамтиды. Ақжайық құрылғаннан кейін бірден Рамсар халықаралық экологиялық конвенциясы мен Бонн конвенциясының тізіміне, кейін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енді.

Ал резерват аумағында Визит орталығының болмауын партия мүшелері ең негізгі мәселелердің бірі деп атап өтті.

«Визит орталыққа келушілер қорықтағы ерекше қорғалатын аумақ және оның көрсететін туристік қызметтері туралы кең көлемде ақпарат ала алады. Сәулеттті әрі жоғары стандарттарға сай жабдықтары бар Визит орталығының болуы балаларға арналған іс-шаралардың, тақырыптық экскурсиялар мен көрмелердің сапасын арттыруға да ықпал етер еді», - деп атап өтті ҚХП өкілдері.

Мұндай Визит-орталығы әдетте экологиялық бағыттардың бастапқы нүктесі саналады және ол арқылы жергілікті халықпен ынтымақтастықты жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ ол тұрақты және уақытша көрмелер ұйымдастыруға, студенттерге арнап танымдық дәрістер мен түрлі іс-шара өткізуге, жалпы экологиялық білім мен ғылыми жұмысты кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Орталықтың құрылысына Дамба ауылынан көп жыл бұрын аумақ бөлінгенімен, әлі жасалмаған», - деп нақтылады партиялықтар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy