Жұмысшы мамандықтар жылына арналған партиялық акцияға ҚХП Алматы облыстық филиалы да белсене қатысты. Акция аясында партия мүшелері өңірдің дамуына зор үлес қосқан еңбек ұжымдарын аралап, қызметінде ерекше көзге түскен азаматтарға құттықтау хаттар табыстауда.
ҚХП өкілдері ең алдымен «ИНТЕЛЛСЕРВИС» ЖШС еңбек ұжымының қызметкерлерін құттықтады. Компания Алматы облысының индустриялық аймағында орналасқан, ол полиграфиялық ірі өнеркәсіп өкілдерінің бірі және Қазақстанда 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бірнеше жыл бұрын ғимарат қайта жөндеуден өтіп, заманауи баспа машиналары орнатылды, бұл өндіріс көлемін 1 миллиард теңгеден астамға арттыруға мүмкіндік берді. Мұнда бүгінде үш ауысымда 450-ден астам адам еңбек етуде. Кезінде «ИНТЕЛЛСЕРВИС» Президенттік «Алтын сапа» сыйлығына да ұсынылған.
«Біздің дамуымыздың перспективалы бағыттарының бірі – сұйық өнімдерге арналған жұмсақ қаптамалар: шырындар, сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар өндірісі. Біздің мамандар өндірісте жаңа инновациялық технологияларды игеру, сол арқылы қосымша жұмыс орындарын ашу бағытында үздіксіз жұмыс жасауда», - дейді ЖШС қызметкерлері.
Алматылық партиялықтар Талғар қаласында орналасқан «Clotwell» ЖШС еңбек ұжымына да барып қайтты. Бұл ірі тігін фабрикасы, негізі 1995 жылы қаланған, Қазақстан нарығында 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді және жергілікті өнеркәсіптің көшбасшысы саналады. Кәсіпорын жұмыс киімдерін, униформаларды, әскери киімдерді шығаруға маманданған. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны қазір 160-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
– «Clotwell» ЖШС отандық өндіруші мәртебесін алып, белсенді өмір салтына арналған киімдердің өзіндік брендін жасады, – дейді компания қызметкерлері.